facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
almatyly-ziyalylardy-balalary-men-nemereler-shy-armashyly-otbasyda-s-p-t-rbielenu-zhayynda
logo
Алматылық зиялылардың балалары мен немерелері шығармашылық отбасыда өсіп, тәрбиелену жайында

01.06.2019

Алматылық зиялылардың балалары мен немерелері шығармашылық отбасыда өсіп, тәрбиелену жайында

Ақмарал Қайназарова, туған қаласы — Алматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алматы – Қазақстан, Үнді классикалық би орталығының» директоры және хореографы


Акмарал К (3).jpg


Отбасы жайында


Менің алғашқы ұстаздарым – ата-анам.

Анам – Сажида Ахметова – 60-70 жылдардағы Қазақ радиосы мен телевидениенің танымал солисі, ұстаз. Ол табиғатынан дарынды, еңбекқор адам еді. Қазақ ҚСР жастар делегациясымен Мәскеудің Кремль сарайындағы құрылтайда өнер көрсетті, Прибалтикаға, бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне гастрольге шықты. Оған Шәмші Қалдаяқов, Азат Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиев сияқты танымал қазақ композиторлары ән жазған.

Маған берген тәрбиесі үшін және музыкалық дағды, ырғақты сезу, жоғары өнерді түсіну қасиеттері үшін анама алғысымды білдіремін. Осы қасиеттердің арқасында мен байырғы күрделі өнерді – Бхаратанатьям үнді классикалық биді үйрене алдым.

Акмарал К (5).jpg

Жазу және сөз өнеріне деген ынта мен ниет, мақсатқа талпынушылық қасиеттері әкемнен дарыды. Әкем – Елеусін Қайназаров – ҰОС-на қатысқан, ІІД полковнигі, Қазақстан тарихы кітаптарының авторы.


Қызметі жайында


Мен кішкентай кезімде «Пионерская зорька» мәскеулік радиогазетінің, «Дружные ребята» республикалық газеттің корреспонденті болдым.

Мектепті алтын белгімен бітіргеннен кейін, әкем ҚазМУ-нің журналистика факултетіне түсуге кеңес берді. Бірақ мен үнді классикалық билерді билеуді армандадым, алайда сол кезде Үндістанға оқуға бару идеясын ешкім түсінбейтін.

Мен үнді билерін өзім ойлап шығаратынмын. Үндістанға оқуға жіберу үшін, әрдайым Мәскеудегі Үндістан елшілігіне, Ташкенттегі Үндістан консулдығына хат жазатынмын.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, бізде де Үндістан елшілігі пайда болды, мен Үндістан үкіметі жанындағы мәдени қарым-қатынас кеңесі жөніндегі Үнді кеңесінің шәкіртақысына ие болған Қазақстанның алғашқы студенті едім.

Акмарал К (1).jpg

Қазірде мен «Алматы – Қазақстан, Үнді классикалық орталығын» басқарып жатырмын, Бхаратанатьям үнді классикалық биі туралы кітап жазып үстіндемін.


Алматы жайында


Мен Алматыны ұнатамын. Мен осында туып өстім, тұрмысқа шықтым, екі баланы дүниеге әкелдім, № 56 физика-математикалық мектепті, ҚазМУ-нің журфагын бітірдім.

Алматы — жеке интеллектуалды коды бар ерекше қала


Өмірімдегі ең жақсы нәрселер осы қаламен байланысты. Үндістаннан кейін Алматыға келгенде, бастапқы уақытта Үндістан елшілігінде жұмыс істедім. Маған елшілікпен бірге астанаға көшуді ұсынды, бірақ мен бас тарттым. Отбасым, туыстарым, достарым, студенттерім тұратын сүйікті қаламда қалуды шештім.

Алматы — жеке интеллектуалды коды бар ерекше қала. Бұл ерекшелікті басқа елдерге барған кезде айрықша сезінесің. Әлемнің басқа жерлерін қаншалықты мақтаса да, мен өмір бойы осы қалада тұруды қалаймын.


Жоспарлар жайында


Кітабымның алғашқы бөлімдерін орыс және қазақ тілінде жазып бітіру жоспары бар. Бхаратанатьям үнді классикалық биі жайында Қазақстанда ештеңе жазылмаған. Ал мен бұл өнердің еліміздегі алғашқы және жалғыз маманымын.


Жәнібек Әлімбаев, 32 жаста, туған қаласы — Алматы, Алматы қаласының «№ 4 Қалалық ауруханасы» ШЖҚ МҚК дәрігер-нейрохирургы


Жанибек Алимбаев.jpg


Отбасы жайында


Менің атам – Әлімбаев Мұзафар Айтмағамбетұлы – ҚР халық жахушысы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, ҚР алғашқы Әнұраны авторларының бірі, «Балдырған» балалар журналының негізін салушы және бас редакторы, Абай атындағы Қазақ КСР мемлекеттік жүлде иегері, «Отан» орденімен, И.Бунин күміс медалімен марапатталған, ҰОС қатысушысы.

Менің түсінігімде балалық шақ – бұл бақыттың мекені. Аталар, апалар, балалар, немерелер бір шаңырақтың астында тұратын отбасыда тәрбиелену – бала үшін құнды нәрсе. Біз дәл солай өмір сүрдік. Ағам екеуміздің тәрбиесімен ата-анамыздан бөлек, атамыз және екі апамыз, сонымен қатар ағалар, тәтелер – кез-келген қазақ отбасыда сияқты көптеген туыстарымыз айналысты.

Отбасымыздағы басты адам ата болып табылады. Ол сыпайы, еңбекқор, жаңа нәрсені білуге құмар, қонақжай және мейірімді болып есімде сақталды. Атам балалармен ерекше тіл табысатын және оның оқуды үйрететін жеке әдістемесі болатын. Ол мені бес жасымда оқуға үйретті. Мен бастауыш мектепте «Ұлан» газетіндегі жас корреспонденті болдым, тіпті қаламақы алатынмын.

Менің түсінігімде балалық шақ – бұл бақыттың мекені


Атам қонақтарды ұнататын, үйде әрдайым у-шу және қызықты болатын. Қонаққа оның ұстаздары: Сәбит Мұқанов, Төлеутай Ақшолақов және Қайыржан Бекхожин келетін. Сырбай Мәуленов, композитор Асат Бейсеуов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Какен Абенов, Сұлтан Қалиев сияқты достары және тағы басқалары келетін.

Жанибек Алимбаев Аташка мой.jpg

Бұндай тәрбие дүниетанымымызға әсер етті.


Қызметі жайында


Мен Ш.Уәлиханов атындағы № 12 мектепті, кейін С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бітірдім. Университеттен кейін «нейрохирургия» мамандығы бойынша Санкт-Петербургте профессор А.Л.Поленов атындағы нейрохирургия ҒЗИ клиникалық ординатурасында екі жылдық оқуымды жалғастырдым.

Бүгінде мен Алматы қаласындағы № 4 Қалалық клиникалық ауруханада дәрігер-нейрохирург қызметін атқарамын, сонымен қатар Нархоз Университетінде МВА магистратурасында оқып жатырмын. Медицинадағы заманауи үрдістерден хабардар болуға тырысамын, жүйелі түрде шетелдегі оқуларға барып тұрамын, кәсіби деңгейімді көтеріп жүремін.


Алматы жайында


Алматы — балалық шағымның қаласы, отбасым, достарым осында тұрады. Бұл әлемдегі ең жақсы қала.

Алматы — экономикалық, ғылыми, мәдени, адами мүмкіндіктері үлкен және тез өсетін қала. Қаланың қалай салынып жатқанын, инфрақұрылымының өзгеріп жатқанын көріп отырмын.


Жоспарлар жайында


Магистратураны сәтті аяқтап, ағылшын тілімді жақсарту жоспары бар. Адамдарға көмектесіп, мамандығымда үздік атануды армандаймын.


Камила Ахметқалиева, 21 жаста, туған қаласы — Алматы, Халқаралық бизнес университетінің студенті


Камила Ахметкалиева (5).jpg


Отбасы жайында


Нағашы арғы атам – Кеңес Одағының Қаһарманы, генерал-майор Иван Васильевич Панфилов, ал туған арғы атам – Қазақстандағы хормен ән айтудың негізін салушы, қазақ композиторы, Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Байқадамов.

Ата-анам да шығармашылық адамдар. Анам білімім бойынша заңгер, оның әуесі – жиһазды қалпына келтіру, ал соңғы екі жыл ішінде ол дизайнмен әуестене бастады. Анам үйдің іші жайлы және әдемі болуын қадағалайды.

Мен ерекше отбасылық атмосферада тәрбиелендім. Інім екеумізде ешқандай шектемелер болған жоқ, пікіріміз ата-анамыз үшін әрқашан маңызды болатын.

Камила Ахметкалиева (1).jpg

Жылдың 365 күнінде қонақтар келеді. Біз тұрып жатқан пәтерде жазушы Мұхтар Әуезов тұрған. Халықты көшіру кезінде оған жазушы Константин Паустовский қонаққа келіп тұратын, басқа да танымал ақындар, жазушылар жиі қонаққа келетін.


Қызметі жайында


Мен арғы атам Бақытжан Байқадамов сияқты әрқашан ән айтуды қаладым, бірақ музыкалық дарыным болған жоқ, дегенмен мен жақсы сурет саламын. Анам әртүрлі үйірмелерге беруге тырысатын, бірақ тақырыпты таңдау барысында орын алатын шектемелер, қадағалау ешқашан ұнамайтын. Менің ойлауым басқаша – жаным қалайтын нәрселерді ғана саламын. Сол себепті бейнелеу өнері мектебінің ешқайсысында көпке дейін қалмайтынмын.

Менің ойлауым басқаша – жаным қалайтын нәрселерді ғана саламын


Мен «журналистика» мамандығы бойынша төртінші курста оқып жатырмын. Фотосуретпен әуестенемін, май шаммен сурет саламын, киімдерге сурет салуды жақсы көремін.

Камила Ахметкалиева (3).jpg


Алматы жайында


Мен туған қаламды, Алматының атмосферасын жақсы көремін. Балалық шағым өткен ауданымды ұнатамын. Біз және әжем Панфилов көшесінде тұрып жатқанымыздың өзіндік мәні бар.

Қаланың басты артықшылығы – саябақтардың, жас көшеттердің көп болуы. Мені ағаштар қатты шабыттандырады. Алматының өзіндік жаны бар.

камила клуб любителей паустовского.jpg


Жоспарлар жайында


Жеке брендімді жасап шығару жоспары бар. Мен акрил бояуларымен достарымның джинсалық күртелеріне сурет саламын. Жеке стилім бар, суреттерді тапсырыс бойынша салмаймын. Әдетте адам өзі жайындағы ақпаратты – есімін, әуестерін, әлеуметтік желілерге сілтеулерін, сүйікті әуендерін жібереді. Оның ұнататын нәрселеріне қарап, мен киімге сурет саламын. Көшеге шығып, менің киімдерімді киіп жүрген адамдарды көруді армандаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.