facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alay-lken-zhasta-shet-elge-k-sh-p-z-ydeg-dey-sez-net-n-zhayly-3-o-i-a
logo
Қалай үлкен жаста шет елге көшіп, өзің үйдегідей сезінетіні жайлы 3 оқиға

30.01.2018

Қалай үлкен жаста шет елге көшіп, өзің үйдегідей сезінетіні жайлы 3 оқиға

Нургүл, 57 жаста, туған жері — Алматы

Тұратын елі — АҚШ, Нью-Йорк


22279431_1626126324115021_4328280812341249824_n.jpg

2015 жылы қызыма баламен көмектесу үшін АҚШ-на көштім. Қиын жағдай болып, кетуім керек болды.

Мен ағылшын тілінің мұғалімі болғандықтан, тілге байланысты ешқандай кедергілер болған жоқ. Үйреніп кету үшін маған екі ай жеткілікті болды. Сондай-ақ еврей орталығына тегін тілдік курстарға барып жүрдім.

Нью-Йоркта та біздің елдегідей көп ұлттар тұрады. Осы себептен бейімделу қиын болмады. Ол жерде белгілі бір ереже бойынша өмір сүру деген жоқ. Мүмкін маған тілді білгендіктен қиын болмады. Мен ол жақта тұратын, ағылшын тілін білмейтін, орысша сөйлесетін көптеген адамдарды көрдім. Мүмкін маған осы жақта тұруға туғандарым немесе осыған дейін БАӘ тұрғандығым көмектескен шығар.

10559839_916966755030985_7296990961642016022_n.jpg

Тек қарым-қатынас жеткіліксіз. Әр адам өз әлемінде өмір сүреді. Бірақ Брайтонда мұнымен жеңілдірек, онда біздің адамдар тұрады, олармен қарым-қатынас жасап тұруға болады. Белгілі бір достарым жоқ, бірақ көршілермен сөйлесуге болады.

Адамдар бір-біріне көрсететін құрметті ұнайды.

Мен осы жерде істей алмайтын істердің барлығын Штаттарда істей аламын. Мен елуден асқанмын, Қазақстанда өзіме жұмыс таба алмасам, бұл жерде барлығы оңай — кез-келген жерде сұраныс бар. Мен ақша үшін емес, қарым-қатынас үшін жұмыс істегім келеді.

Бір байқағаным, ол жақта барлық дүкендерде үлкен адамдар жұмыс істейді. Қазақстанда өкінішке орай бұл бағаланбайды.

24058891_1672895776104742_5229195506908538531_n.jpg

Сонымен қатар Америкада жастардың жұмыс тауып, өздері қалаған ақшаны таба алатындары қуантады, ал Қазақстанда мұндай мүмкіндік жоқ.

Балаларға, мектептің оқушыларға деген қарым қатынасы ұнайды. Ол жүйені бір қалыпта ұстайды. Балаларға қатал қарайды, мектептен жайдан-жай жібермейді.

Қазақстанда балаларым, мүлкім және көлігім қалды. АҚШ-на ол жақта тұрғым келетіндіктен емес, қызыма көмектесу үшін барамын. Алғашқы айларда Қазақстанды қатты сағынатынмын, ал қазір керісінше Штаттарға ұмтыламын.


Валентина, 72 жаста, туған жері — Павлодар

Тұратын елі — Канада, Виннипег қаласы


2635909620_e8186436db_b.jpg

Менің екі қызым бар, екеуі де Канадада тұрады. Қазақстанда жақын туыстарымнан ешкім қалмағандықтан, 2015 жылы қыздарыма көшіп кетуді шештім.

Қазақстанда зейнеткерлікке шықтым. Ол жақта пәтерім болған еді. Оны сатып жібердім. Алдынғы жылы жиендеріме қонаққа бардық. Негізінде, әрдайым интернет немесе телефон арқылы сөйлесеміз.

Көшу кезінде қатты қиындықтар туындамады. Тілге келетін болсақ, онымен де еш кедергі болған жоқ, өйткені ағылшын тілін пайдаланудың қажеті тумайды. Егер жұмыс істесем, тіл керек еді, ал мен зейнеттегі адаммын. Тек тіл білмегіндіктен канадтықтармен сөйлесе аламаймын. Мен орысша сөйлейтіндермен тілдесемін. Ондайлар өте көп: үлкені де, кішісі де бар.

Біздің отбасымыз үлкен: немерелерім, шөберелерім — барлығы Канадада, өйткені жақындарымыз осында.


Мадина, 79 жаста, туған жері — Алматы

Тұратын елі — Монреаль қаласы, Канада


block_152826.jpg

Канадаға 1996 жылы көшіп келдім. Ол кезде 57 жаста болдым. Қызым мәскеулікке тұрмысқа шығып, Канадаға көшіп кетті. Немерем менің қолымда еді, мен оны анасына, Канадаға апардым. Ол кезде зейнеткерлікте болып, көшуге бел будым.

Қазір канадтықпын. Бірақ, азаматтық алардың алдында екі депортация мен Мексика арқылы өтуді де көруге тура келді.

Осы жылдар ішінде тілді үйренбедім, оның еш қажеті жоқ. Қала ішінде жүру үшін аздап ағылшынша білемін, бірақ одан көп емес. Үлкен адамдарға мұнда тіл керек емес, өйткені олар мұнда жұмыс істемейді, ал бір-бірімен орысша да сөйлесуге болады.

Қазақстанда қызым мен көптеген туыстарым қалды. Қазақстанға барып тұрамын, бірақ әр жыл сайын емес, өйткені қатты қымбат.

Канадада орысша сөйлейтін отбасылармен қарым-қатынас жасаймын. Тура біз тұратын үйде Алматыдан келген адамдар тұрады. Жалпы, бұл жерде алматылықтар көп. Олармен кез-келген уақытта сөйлесуге болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.