facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
air-astana-bortser-g-zhylyna-60-k-n-demalyp-r-aptada-zha-a-elde-boluy-zhayynda
logo
Air Astana бортсерігі жылына 60 күн демалып, əр аптада жаңа елде болуы жайында

14.06.2017

Air Astana бортсерігі жылына 60 күн демалып, əр аптада жаңа елде болуы жайында

Сəуле Дүкенбаева


35 жаста, бортсеріктермен жұмыс бойынша менеджер, Air Astana əуекомпаниясы


Еңбек өтілі — 13 жыл



Аспан үнемі мені өзіне тартып тұратын, ол мен үшін жұмбақ, зеңгір әрі романтикалық болатын. Бала кезімде ата-анаммен бірге жиі саяхаттайтынмын жəне маған үнемі бортсеріктер мен əуесеріктердің не істейтіні қызық болатын. Маған олар дүние жүзі бойынша саяхаттап, үнемі қызықты адамдармен танысатын сияқты көрінетін. Бұл мамандықтың иесі болу менің бала күнгі арманым болды десем, қателеспеймін.


Мен бортсерікке қатысы жоқ мамандық бойынша білім алдым, бірақ авиация саласымен өмірімді байланыстырудан үмітті болдым. Қосымша ағылшын тілі курстарына қатысып, осы жұмыс туралы фильмдер көріп, кітаптар оқыдым, əр түрлі форумдарға қатыстым.


2004 жылы Air Astana әуекомпаниясының бортсерік жинақтап жатқандығы туралы хабарландыруды көрдім. Сол кезде компания жаңадан құрылған болатын жəне Қазақстанда танымал емес еді. Мен түйіндеме ұсындым, біраз уақыт өткен соң сұқбаттасуға шақырды. Мен одан сəтті өтіп, жұмысқа шақырылдым, сол үшін қатты қуандым.

DSC_4006.jpg



Алғашқы ұшу туралы



Өзімнің алғаш ұшқан кезімді əлі күнге дейін білемін. Авиация саласындағы тəжірибесіз адам ретінде қорқып, уайымдадым. Бұл Алматы — Ақтау таңғы рейсі болатын, ал мен ұйықтап қалам ба деп қорықтым. Алғашқы ұшу кезінде рейсті «observer» сапасында орындадым, яғни мені борттағы жұмыспен таныстырды.


Жолаушылармен амандасқандағы толқынысым әлі есімде. Бірақ, 15 минут өткен соң маған көмектескен əріптестерімнің арқасында өзімді сенімді əрі жайлырақ сезіндім.


Қазір қай жерде болғанымды белгілеп отыратын картам бар. Бұл əуекомпаниямыздың ұшатын барлық бағыттары. Оңтүстік-шығыс Азия: Малайзия, Гонконг, Бангкок, Вьетнам, Сеул, Еуропа: Лондон, Франкфурт, Ганновер. Сонымен қатар, картада қай жерге барғым келетінін де белгілеп отырамын. Мұндай қаланың бірі — Париж.


Рейсті, əлбетте, өзіміз таңдай алмаймыз. Бізде арнайы жоспарлау бөлімі бар жəне ол рейс санын теңдей бөледі. Біз үшін бастысы, сағат асып кетпесе болды. Қайда ұшатынын таңдау — əр бортсеріктің арманы шығар.



Мамандықтың ерекшелігі мен қиындықтары туралы




DSC_3992.jpg

Біздің мамандығымызда жақсы бонустар бар. Мысалы, дүние жүзі бойынша Marriott жəне Radisson сияқты бес жұлдызды қонақ үйлермен келісім бар. Шетелде жүріп, қаланың көрікті жерлерін қызықтай аламыз. Сондай-ақ, жыл сайын үздік қызметкерлерді марапаттайтын Heart Awards салтанатты шарасы болып тұрады. Жүлдегерлерге отбасымен шетелде демалуға мүмкіндік беріледі.


Компаниямызда қызметкерлерге көрсетілетін көмек көп. Кеңсе қызметкерлері мен жазғы құрамды тасымалдау қызметі бар. Медициналық қызмет компания есебінен төленеді. Сонымен бірге Алматы мен Астана қалаларындағы бірнеше орынға бонус карталары беріледі. Мен компаниямыздың үлкен, жас, керемет ұжымы барына қуанамын, біз өте ұйымшылмыз. Əріптестерімнің ішінде шынайы достарым көп.


Əр қызметкердің қандай салада жұмыс істейтініне қарамастан, қызметкер мен отбасына ұшуға арналған жеңілдіктер беріледі. Жəне келісімдік негізде қызметкерлер қонақ үйлерден жеңілдік алуы мүмкін. Мен Анталия, Бангкок, Малайзияға ұштым. Тағы бір жақсысы, біздің еңбек демалысымыз жазғы құрамның бəрінде жылына 60 күнге созылады.


Басында достарым менің Лондоннан келгенімді, одан кейін жердің басқа нүктесіне ұшатынымды демалыс деп есептеді. Жұмысымызда ғаламат сəттер көп болады, əуекомпаниямыздың арқасында көптеген елдерді көрдім, көп жерде достарым бар, алайда бортсерік болу да оңай емес. Барлық жерде қиындықтың болатынын түсінген жөн.


2017-06-09 10.58.33 1-01.jpeg


Жұмыстың алғашқы жылдарында достарым мен туыстарым той мен туған күндеріне бармаған соң маған ренжитін. Мен үнемі жұмыстамын, қалада болмаймын немесе шетелде, не болмаса тренингте болатынмын. Сосын біраз уақыттан соң мені шақырмайтын да болды. Бортсерік үшін Жаңа жыл да, 8 наурыз да жоқ. Егер сенде рейс жазылып тұрса, міндетті түрде ұшуың керек.


Бір қиындық бар — психоэмоционалдық жүктеме. Жұмысымыз қызмет көрсетуден бөлек, борттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан, өте мұқият болып, салонда, бортта не болып жатқанын қарау керек. Бұл бортсеріктің функционалды міндеттерінің бірі. Кез келген түсініксіз жағдайда бəрін аға бортсерікк, содане кейін əуе кемесінің командиріне хабарлау қажет. Əр бортсеріктің нақты нұсқаулығы бар.


Рейстерімнің бірінде қызық жағдай орын алған. Бірде ұнататын қызына бортта ұсыныс жасаймын деп шешкен жолаушы келді. Ол бәрі күтпеген жерден болғанын қалады. Қыз ештеңе білиейді, бізге белгі берілгенде біз аққайнар əкелдік, жігіт тізерлеп отырып басты сұрағын қойды жəне қыз да «иə» деп жауап берді. Біз қол шапалақтап, салон жəне жазғы экипаж болып құттықтадық.



Мансаптық өсу туралы



Алғашқы баспалдақ — бортсерік позициясы. Белгілі бір уақыт өткен соң өзіңізді жақсы көрсете білсеңіз, сізді аға бортсерікке дейін жоғарылатуы мүмкін. Кейін бортсерік-супервайзер бола аласыз. Бізде бортсерік-нұсқаушы, перфоманс-менеджерлер бар — ол біздер, бортсеріктермен жұмыс істейтіндер. Негізінен, бізде өсу мүмкіндіктері өте көп. Бортсерік əріптестеріміздің арасында департамент директорына дейін көтерілгендері де бар.

2017-06-09 10.58.32 1-01.jpeg


Мамандығымызды адамды қатты өзгертеді деп есептеймін. Ол жақсы із қалдырады. Бізде адамдармен қарым-қатынасқа бағытталған тренингтер өте көп болады. Əр бортсерік нені қалай айтып тұрғанын, дауыс ырғағын қадағалай алады, күлімдеп тұрады. Алайда, бұған тек басында мəн бересің, кейін бұл автоматты түрде орындалады.


Авиацияда кездейсоқ адам болмайды, мұнда келсеңіз, өмірлік махаббатыңызға айналады.



Қалайша бортсерік болуға болатыны туралы



Air Astana-да бортсеріктерді іріктеу өте тиянақты жүргізіледі. Сұқбаттасудың 4 кезеңінен өту керек, біріншісі — түйіндеме жіберу. Екіншісі — сыртқы келбет бойынша іріктеу: сəйкес бой, тартымды келбет, әдемі күлкі. Ары қарай бұл мамандыққа не себепті қызыққаныңыз жөнінде сұраққа жауап бересіз. Үшіншісі — тестілеу, қазақ жəне ағылшын тілін білу бойынша тест. Ағылшын тілі деңгейі Pre-Intermediate төмен болмауы керек. Себебі, оқу ағылшын тілінде өтеді. Жəне соңғы кезең — жеке сұқбаттасу, мұнда жеке қасиеттерді анықтайтын сұрақтар қойылады.


Барлық кезең əр түрлі рекрутерлермен өтеді, бұл үміткерді бағалаудағы субъективтілікті жоюға көмектеседі. Егер, мысалы, бір кезеңнен өтпесе, онда оған басқа да бос жұмыс орындары бар екенін хабарлайды.


DSC_4075.jpg


Сырт келбетке келсек — қыз немесе жігіттің күлкісі əдемі, көздері мейірімді болуы тиіс. Қызмет көрсетумен байданысты жұмыс болғандықтан, сырт келбет жағымды болуы қажет. Ұшақта көп нəрсе мен құралдар белгілі бір деңгейде орналасқан, сондықтан бой маңызды. Бастысы — адамның жолаушылармен жақсы аралсуы, оларға көмектесіп, тілін табуы қажет.


Егер үміткер бортсерік рөліне сәтті өткен болса, ол денсаулығын тексертуге медициналық тексерістен өтеді. Содан кейін оқыту тобына барады. Бізде жазғы құрамның сауатты жаттықтырушылары бар жаттықтыру орталығы жұмыс істейді. Онда үміткерлерді қызмет көрсетуге, қауіпсіздік ережелеріне, топ ішінде тиімді жұмыс істей білу мен көршілес қызметтермен қарым-қатынас жасауға үйретеді.


Жұмысқа алғанда жасқа ешқандай шектеу жоқ. Бастысы, адам тұлға болып қалыптасқан болуы тиіс. Ал бұл адамның өзіне байланысты, 25 жастағы қыздар өмірлік мақсатын анықтай алмай жүргенде 18 жасар қыздар нені қалайтындығын нақты білетін жағдайлар да кездеседі.


Бортсерік болу үшін денсаулығыңды күтіп, спортпен шұғылдану қажет. Жұмысқа алғанда қызмет көрсету саласында тəжірибеңіздің бар болғаны жақсы. Егер сіз нақты осы мамандық бойынша жұмыс істеймін деп шешсеңіз, онда өзіңізді аздап дайындаңыз: даяшы немесе бармен болып жұмыс істеп көру керек шығар. Бұл адамдармен тіл табыса білуді үйрену үшін өте пайдалы болмақ.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.