facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/420/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/jx7vpjyqdj6gb9cgmeqnwumbhrhhuowk.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
2any1-da-y-mansap-blogerlermen-alay-zh-mys-steuge-zh-ne-mansapty-alay-ru-a-bolatyny-turaly
logo
2any1-дағы мансап. Блогерлермен қалай жұмыс істеуге және мансапты қалай құруға болатыны туралы

26.04.2024

2any1-дағы мансап. Блогерлермен қалай жұмыс істеуге және мансапты қалай құруға болатыны туралы

Біз блогерлер мен инфлюенсерлермен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы білуді ұйғардық және 2any1 агенттігінің қызметкерлерінен өздеріне не ұнайтыны және олардың қызметінде қандай қиындықтар бар екендігі туралы сұрадық.


Алуа Әбдіманова, 27 жас, Алматы қаласы, блогерлермен жұмыс жөніндегі менеджер, @aqsedrf_

блогерлермен жұмыс

Өзі туралы

Мен Абылай хан атындағы ҚазҰБМ-да «Журналистика» мамандығы бойынша оқыдым. 2020 жылы магистратураны аяқтағаннан кейін Наталья Сац атындағы Қазақстанның балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрына жұмысқа орналастым. 2022 жылға дейін маркетинг бөлімінде жұмыс істедім. Әртістер мен қойылымдардың арқасында өнердің барлық көріністерімен танысқан тамаша кезең болды.

2019 жылы мен кездейсоқ Instagram-дағы 2any1 постына тап болдым. Бірінші ой, мен ешқашан оған бара алмаймын, өйткені бұл агенттікте үлкен тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Бірақ бір-екі жылдан кейін мен осы жерге жұмысқа тұрдым.

2any1 мансап туралы

Мен 2any1-ге 2022 жылдың 25 мамырында келдім. Клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер лауазымына орналастым. Тест кезеңінен екі апта өткен соң мен блогерлермен жұмыс жөніндегі медиа бөлімде болдым. Бұл бұрылыс ең дұрыс және саналы шешім болды. Бұл жерде мен өзімнің коммуникациядағы, жарнамалық науқандарды сүйемелдеудегі және жүргізудегі қабілеттерімді толық аштым.

2023 жылдың қарашасында мен блогерлермен жұмыс жөніндегі аға менеджер болдым. Агенттікте жұмыс істегенге дейін мен Қазақстандағы блогинг саласын бақылаған жоқпын. Енді мен 20-дан астам керемет блогерлердің менеджерімін.

Біз әрдайым тек жұмыс бабындағы ғана емес, достық қарым-қатынасты сақтауға тырысамыз. Менің міндетіме блогерлерді қосу және бейімдеу, жаңа қызметкерлерді оқыту, жобаларды іске асыру, креативті бөліммен байланыс жасау, продакшн, түсірілімге қатысу, постинг, статистика жинау кіреді.

Жұмыс ерекшеліктері туралы

Компанияның басты ерекшеліктері — ұжым, үздік басшылық және тамаққа деген сүйіспеншілік.

Жұмыстың артықшылығы — қызықты адамдармен танысу, блогерлермен және әлемдік брендтермен жұмыс істеу.

Кемшіліктерді де ұмытпау керек. Бұл 24/7 онлайн жұмыс. Қайда болсаң да, әрқашан байланыста болуға тиіссің. Кез келген уақытта сізге жеке немесе жұмыс сұрақтары бар блогер немесе клиенттің түзетулері мен түсініктемелері бар клиенттік бөлім жаза алады.

Мен 2any1-ді таңдадым, себебі компанияның қызмет саласы бәрінен өзгеше. Бұл жерде сен үнемі қозғалыста боласын. Бұл нағыз эмоция аттракционы және ол жылына 365 күн бойы жұмыс істейді.

Жоспарлар туралы

Танымал әртістермен ауқымды жобалармен жұмыс істегім келеді, бірақ тек ТМД елдерінің аумағында ғана емес.


Эмилия Халимулина, 24 жас, Алматы қаласы, қаржы менеджері, @emiiillliiaa

Брокерлік агенттікте қалай жұмыс істеу керек

Өзі туралы

Мен Сорбонна-Қазақстан институтында «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқыдым. Бұрын түрлі салаларда жұмыс істеп, тәжірибиелер жинақтадым. Көп ұзамай қаржылық бағытта дамығым келетінін түсіндім.

2any1 мансап туралы

Мен 2any1 агенттігі туралы бұрыннан естідім. 2023 жылдың басында-ақ олардың бос жұмыс орындарын қарап, лайықты деп таппадым. Кейінірек, сол жылдың шілде айында осы компанияға қаржы менеджері лауазымына келдім.

2023 жылдың қыркүйегінде сол кезде қаржы директоры болған агенттіктің тең негізін қалаушы Анжела маған қаржы менеджері мен оның ассистентінің позициясын біріктіруді ұсынды. Мен келістім. Тұрақты кездесулерде Анжела маған жұмыстың ерекшелігін үйретті және міндеттердің орындалуын қадағалады. Осының арқасында мен өзімнің кәсіби дамуыма көмектесетін білім алдым.

Қазіргі таңда мен де екі позицияны біріктіремін. Анжела операциялық директор, ал мен операциялық директордың ассистентімін.

Жұмыс ерекшеліктері туралы

2any1 жас ұжым және салауатты атмосфера. Маған басшылардың қызметкерлерге деген көзқарасы мен тұрақты қолдауы ұнайды. Бізді тамақ, қарым-қатынас, спорт және көңіл көтеру біріктіреді.

Біз әрқашан оқып, жаңа нәрселерді үйренеміз. Ағылшын тілі бойынша корпоративтік сабақтарға барамыз. Басқа бөлімдердің басшылары мен әріптестері шеберлік сыныптарын өткізіп, өз білімдерімен бөліседі.

Бөлімдерге қарамастан, біз түрлі ірі компаниялар мен медиа тұлғалар қатысатын іс-шараларға жиі қатысамыз.

Жұмыс орнын таңдау кезінде мен үшін кәсіби дамуым маңызды болды және компанияның маған жақын принциптері болды, ал шығарылатын өнім маған ұнады. Осының бәрін мен 2any1 агенттігінен көрдім.

Жоспарлар туралы

2any1 компаниясында кәсіби дамуды, қосымша оқудан өтуді және өз бағытындағы білімімді жақсартуды жоспарлап отырмын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.