facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
2000-zhyl-y-zhastar-zhas-zhetk-nshekter-aza-d-st-rler-men-stereotipter-zhayly
logo
2000 жылғы жастар. Жас жеткіншектер қазақ дәстүрлері мен стереотиптері жайлы

03.03.2018

2000 жылғы жастар. Жас жеткіншектер қазақ дәстүрлері мен стереотиптері жайлы

Сафия Кадырбекова, 13 жаста, 7 сынып оқушысы


DSC_6400.jpg

Қазақтарда үлкендерге де, кішілерге де қатысты көптеген дәстүрлер бар: тұсау кесер, мүшел жас, үйлену тойы. Біздің отбасымыздың да дәстүрлері бар. Әжем мен атам келгенде, біз бешбармақ дайындаймыз, бір дастархан басында отбасымызбен жиналамыз, бұл көңілді.

Қазақтар қонақжай. Маған қазақтардың тойлары ұнайды, түкпір-түкпірден барлық туысқандар жиналып, ұзақ уақыт көрмеген адамдар келеді.

Қазақтар таңғы асқа, түскі асқа және кешкі асқа бешбармақ жейді деген стереотип бар. Қазақтар етсіз өмір сүре алмайды деген — өтірік. Болашақта ет жеуден бас тартып, тек тауық етін жегім келеді.

DSC_6396.jpg

«Казах без понтов— беспонтовый казах» деген сөз бар. Менің ойымша әр қазақ үшін оның жақсы көрінуі маңызды.

Сонымен қатар қазақтар қатты дауыстап сөйлесеп, әңгімелескенде көбісі ұрысып жатыр деп ойлайды, бірақ іс жүзінде олай емес.

Менің ойымша, қазақтардың көптеген стереотиптері бар, бірақ бұл олардың жақсы жағын ғана көрсетеді.


Жанель Кадырбекова, 15 жаста, 9 сынып оқушысы


DSC_6407.jpg

Қазақтың маған ұнайтын дәстүрлері сізге бір нәрсе бергенде, мысалы, сүйінші, көрімдік. Менің ойымша, олар біртүрлі, бірақ қызықты.

Әрбір отбасының өз дәстүрлері болуы керек. Біздің отбасымызда заманауи дәстүрлер. Мысалы, жексенбі күндері біз пицца дайындаймыз, жазда бірге демаламыз. Сонымен қатар дәстүрлі емес заттар да жоқ. Мысалға, біреу келгенде, мейірімділік танытып, қонақжай болу керек, өйткені біз қазақпыз.

Мен қазақтардың кешігетіні жайлы жиі естимін. Бірақ бұл ұлтқа емес, адамға байланысты.

Көптеген ата-аналар өздерінің балаларының қазақ тілін білгенін қалайды. Болашақта қазақ тілі соншалықты танымал болмайды деп ойлаймын. Мысалы, менің замандастарым арасында қазақ тілін білетіндер өте аз.

DSC_6406.jpg

Мен ата-аналарымен бірге тұратын жас жұбайларрға қарсымын, өйткені бұл олардың өмірі және оны өз бетінше құруға құқығы бар. Әрине, сіз отбасыңызбен байланыста болуыңыз керек, бірақ біре тұрып емес.

Сондай-ақ, үйлену тойы үшін үйленуді ақылсыз деп ойлаймын. Сіз ең жақын туыстарыңызда ғана жинап, миллиондаған теңге жұмсамай, ақшаңызды пайдалы нәрсеге жұмсай аласыз.

Қазір әлеуметтік желілерге біреуер Қазақстанды ұятқа қалдырып жүр деп жазатын адамдар маған ұнамайды. Егер адам ешкімге зиян келтірмесе, онда бұл әр адам үшін жеке мәселе, сондықтан оны жек көрудің қажеті жоқ.


Азиза Омарова, 15 жаста, 10 сынып оқушысы


DSC_6445.jpg

Бізде үлкен отбасы: ата-анам мен бес бала. Үлкен ағам үйленген, ал әпкем Мәскеуде оқиды, сондықтан қазір үйде үш баламыз. Біздің отбасымызда күнделікті кешкі асты бірге ішу әдетке айналған, сондықтан сегізде біз бәріміз үйде боламыз, сегізден кейін тек шұғыл жағдайларда ғана келеміз. Сағат тоғызда әкем жұмыстан келеді, сондан кейін бірге асқа отырамыз. Біздің әкеміз таңертең жүгіреді, кітаптар оқиды. Бұрын біз бәріміз марафон жүгіретінбіз. Мен де болашақта өз отбасымда осындай дәстүрлердің болғанын қалаймын.

Мен қазақтың дәстүрлерін аз білемін, бірақ үйлену тойының дәстүрлерін білемін, себебі ағам жазда үйленген. Мен бұнын бәрін алғаш рет көрдім, қызықты болды. Іс-шараның дұрыс өткізілгені ұнайды, көп тілектер айтылғанды ұнатпаймын.

Қазақтарда әйел ашық болмауы керек, үйде отырып, жұмыс істемей, 24/7 баланың жанында болуы керек деген стереотиптер бар. Менің ойымша, адаммен қарым-қатынаста ер адам әйелге қандай да бір нәрсе жасауға тыйым салмауы керек, ол өзін-өзі дамытуды тоқтатпауы керек.

DSC_6416.jpg

Мен қазақтардың таныс арқылы жұмысқа орналасуын жиі естимін. Бұған қарсымын, себебі адам мақсаттарға өзі ұмтылу керек. Адам бір нәрсені қаласа, онда ол өз мақсаттары үшін принциптерді бұзып, уақытты, ақшаны, кейде жақын адамдарды құрбан етуі мүмкін.

Сондай-ақ қазақтарда ру деген ұғым бар. Көптеген адамдар, егер сен бір рудан болсаң, сен ағайсың деп ойлайды. Адамдардың бәрі бірдей, ешкім адамды руына қарап бөлмеуі керек.


Айбиби Акшулакова, 12 жаста, 7 сынып оқушысы


DSC_6460.jpg

Маған қазақ дәстүрлері мен салттары ұнайды, олар бізді басқа халықтардан ерекшелендіреді. Мен олардың ескірді деп ойлаймын, өйткені қазақтардың көбісі оларды әлі ұстанады.

Бізде көптеген отбасылық дәстүрлер бар. Маған қуанышты нәрсе болған кезде бүкіл отбасымызбен жиналатынымыз ұнайды. Мен барлық туыстарыммен жиналып, сөйлесіп, жаңалықтармен бөліскенді ұнатамын. Бұл әрдайым маңызды.

Біз жиі қонақтар қабылдаймыз, және сол кезде мен балаларға жауапты боламын, олардың көңілін көтеремін. Кейде көп адамдар келіп, ас үйде жоғалып кетеді, тіпті үстелде орын болмайды. Бұрын мен мұны елестететінмін, бірақ қазір бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын, себебі қазақтар қонақжай.

DSC_6465.jpg

Мен маған бірдеңе болады деп ешқашан қорықпаймын, өйткені кез келген адамға хабарласа аламын және олар маған сөзсіз көмектеседі. Үлкен отбасы, көп туыстарыңыз болған кезде әлдеқайда жақсы. Біздің әжелеріміз бөлек тұрады, бірақ біз жиі оларға барамыз. Егер бірге тұрсақ мен бақытты болар едім, бірақ үйде аздап хаос болмақ. Мысалы, әжем бізді кәмпиттермен еркелетеді, ал анамды дұрыс тамақтану ережесін ұстанады. Сондықтан, менің ойымша, осылай біз үшін ыңғайлы.

Мен қазақ тілін жетік меңгергім келеді. Балабақшада ғана қазақ тілін үйрендім, кейін орыс мектебіне көшіп кеттім. Басқа мәдениеттерден ерекшелену үшін өз тілімізді білу маңызды деп ойлаймын. Маған қазақша сөйлесу қиын, бірақ бұл дұрыс емес, себебі бұл менің ана тілім. Менің ойымша, қазақ тілін меңгермейінше, басқа тілдерді меңгерудің маңызы жоқ, себебі сіз қытай, испан тілінде сөйлеп, бірақ ана тіліңізді білмейтін болсаңыз, басқа тілді білудің қажеті жоқ.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.