Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
12-6-zh-ne-4-balany-ata-anasy-bolu-alay-eken-k-pbalaly-otbasylardy-4-o-i-asy

12, 6 ЖӘНЕ 4 БАЛАНЫҢ АТА АНАСЫ БОЛУ ҚАЛАЙ ЕКЕН —КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ 4 ОҚИҒАСЫ
411

08.08.2017

12, 6 ЖӘНЕ 4 БАЛАНЫҢ АТА АНАСЫ БОЛУ ҚАЛАЙ ЕКЕН —КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ 4 ОҚИҒАСЫ

Жанар Байжулдинова, 41 жаста, туған қаласы — Семей, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттерде бала асырап алу ата‑аналар клубының президенті


Он екі баланың анасы


Жанар. Біздің отбасымызда 14 адам бар: жолдасым, мен, 8 қызым және 4 ұлым. Екі қызым қазір Қытайдың университетінде білім алып жатыр, тағы біреуі — «Шабыт» колледжінің студенті. Екі баламыз балабақшаға барады, ал қалғандары мектепте екінші алтыншы сыныптар аралығындағы оқушылар.


DSC_5162.jpg


Алғашқы кездерде мен көп бала болғанын қаламадым. Дегенмен бір балаға көмектесуге шешім қабылдағаннан кейін қалғанын да қалдыра алмайтынымды сездім.


Барлығына үлгеру үшін мен балаларды топтарға бөлемін. Екі баланы балабақшаға апару керек, тағы екеуін олар оқитын «Қарақат» музыкалық орталығына жіберу керек, келесі екеуін – мектепке апару керек. Жексенбі күні таңертең ерте тұрып, төрт баланы «Юсимас» менталды арифметика орталығына апарамын, келесі төртеуін басқа орталыққа апарамын. Одан кейін үйге оралып, қалған балаларды оятамын. Ең бастысы – барлығын алдын ала жазып қою. Барлығымыз бірге жүріп үйді жинастырамыз. Тамақты қыздар ғана даярлайды, бірақ кей кезде әкеміз бізді еркелетеді.


Үлкен отбасында балалардың біреуін де назардан тыс қалдырмау маңызды.Әркімге өз ісін табуға көмектесу керек. Сондай‑ақ бастысы — соңғы нанның бөлігі болса да оларды бір‑бірімен бөлісуге үйрету. Үлкен отбасыларында «сенікі» немесе «менікі» деген түсініктер болмайды. Үлкен балаларға тиесілі болған дүние кішілеріне де көшеді. Барлығы бір‑біріне қарап, көмектеседі.


DSC_5181.jpg


Біздің отбасымызда менің жолдасымның биологиялық балалары, менің екі биологиялық балаларым, сонымен қатар асырап алған балалар да өсіп келеді. Алайда олар ешқашан туған және тумаған деп бөлінген емес. Балалар бір‑біріне қамқор.


Барлық жағынан мені жолдасым қолдайды. Ал үй бойынша басты көмекшілерім – балаларым.


Әр қайсымыздың өз міндеттеріміз бар. Әкеміз ақша табады, ал мен әкемізге кірістер жағынан көмектесемін. Азық‑түлік сатып алуға балалардың бірін ертіп барамын. Үлкен балалар үйді басқарады, ортаншы қыздар ыдыс‑аяқтың жуылуына жауап береді. Ұлдар қоқысты шығарады және ауланың тазалығын қадағалайды. Ал ең кішкентайларының тапсырмасы — ойнау және ересектерге жұмыс жасауға кедергі келтірмеу, дей тұрғанмен олар да шарауашылықты жүргізуге көмектеседі.


DSC_5196.jpg


Біздің бос уақытымыз моншаға, хауызға, кинотеатрлар мен кафеге барудан тұрады.Біз жазда жиі ролик тебеміз, ал қыста шанамен сырғанаймыз. 2015 жылы Түркияға бардық және теңізде демалдық. Сонымен қатар, біз басқа отбасыларды қонаққа шақырамыз.


Әзірше тағы да бала асырап алу жоспарымызда жоқ. Тәрбиелеудегі барлық күшімізді біз бір‑біріне деген әділ қарым‑қатынасқа бағыттаймыз. Біз оларға тұрмысты дұрыс жүргізу туралы білімдерді дағдыландырамыз, қымбат дәрі‑дәрмекті пайдаланусыз денсаулықты күтуді үйретеміз. Әрине, көп уақытты біз олардың білім алуларына жұмсаймыз.Үйде балалардың үлгеріміне әсер етпеу үшін кабельді теледидар мен интернет қосылмаған. Мультфильмдерді көруге тек әркім өз істерін орындап болғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.


DSC_5206.jpg


Біз барлық балаларымыздың шетелде білім алуларын жоспарлап отырмыз, ол арзандау және сапалырақ. Олар мектепті бітірген соң, ары қарай білім алуды жалғастыру үшін тарап кетеді. Және ең күрделісі олардың басын бір жерге қосу болмақ.



Әли Дұғанов, 39 жаста, туған қаласы — Алматы, «Надежда есть» қорының директоры

Малика Дұғанова, 33 жаста, туған қаласы — Қарағанды, үй шаруасындағы әйел


Алты баланың ата‑анасы


али Дуганов 2.jpg


Әли. Біздің отбасымызда 8 адам: мен әйелім екеуміз, 5 ұлымыз бен кішкентай ханшайынымыз бар. Жақында біздің отбасымыз ұлғайды, және қазір барлық балалар ең кіші бауырларына қамқор болып жүр.


Басынан бастап біз көп балалы болуды қаладық. Барлық қиындықтардан бірге өткен жеңілірек. Қандай жағдайға түссек те, бір‑бірімізге қарап, жалғыз емес екенімізді түсіну жеткілікті.


Әдетте уақытты бөлу оңай емес. Бірақ қорды өзім басқарғаннан бастап, мен көп уақытты отбасыма жұмсай аламын. Ал жұбайым әр кезде балалармен бірге, оларды үй шаруашылығы мен сабақтарын орындауға үйретеді.


Бізде туындаған негізгі қиындық —тұрғын үй іздеу болды.


али Дуганов 4 - копия.jpg


Ересек балаларымыз үй шаруашылығын жүргізуге көмектеседі: өздері жинастырады, ыдыс‑аяқты жуады, кіші бауырларын тәрбиелейді. Барлығы бірге үй тапсырмаларын орындайды. Үлкеніміз, Сүлейман, 11 жаста, ол бауырларына жазу мен оқуды үйретті. Балаларды жауапкершілікке үйреттік. Бізде кезекшілік кестесі бар және барлығы кезек бойынша анасына көмектеседі. Ұлдар таңертең тұрып барлық отбасы мүшелеріне таңғы ас даярлайды.


Отбасымызда бес ұл болғандықтан қарындасы өзін ханшайымдай сезінеді. Олар оны еркелетеді, қорғайды, онымен ойнайды. Олардың әр қайсысы өздерінің қарындасының қорғаушысы екенін түсінеді.


Жақында біз Бурабайға табиғат аясына шығып келдік. Бірақ жұбайымның аяғы ауыр, ал балалар әлі кішкентай болғандықтан ол оңайға түспеді.


Аулада доп ойнаймыз не болмаса саябақта серуендейміз деп қайда баратынымыз туралы ұлдар дауласқан кезде, біз барлығына ортақ қанағаттанарлық шешім қабылдаймыз — жай ғана саябаққа футбол ойнауға барамыз.

али Дуганов 6.jpg


Әркімнің өз қызығушылықтары бар: Джохангир сурет салуды ұнатады, скрипкамен айналысуды қалайды, Сулейман пианинода ойнайды, ағылшын тілін меңгереді, Мансур шахматпен айналысады, гитарада ойнауды жоспарлап жүр.Ұлдар музыканы және шығармашылықты жақсы көреді. Анасы балаларды шетелде білім алып, инвестор болғандарын қалайды, олар да соны армандайды, сондықтан олар математикаға бейім.


Біздің ұлдарымыз болашақта 10 балаға дейін болатын үлкен отбасын құруды армандайды. Ең бастысы, оларды қазір көптеген көпбалалы отбасыларда кездесетін қиындықтармен қорқытып алмау.


Бізде шағын отбасылық дәстүрлеріміз бар: біз тауық еті қосылған палау даярлаймыз, себебі барлығына осы тағам ұнайды, бірге оқимыз. Ал ең жағымдысы — барлығымыз бірге отырып мультфильмдерді қарап, балмұздақ жейміз. Біз міндетті түрде әр баланың туған күндерін жеке атап өтеміз, өзіміз балкүлше дайындаймыз.


Али Дуганов.jpg


Мен бізде тағы бір қыздың дүниеге келуін қалаймын. Менің жұбайым балаларды қатты жақсы көреді, сондықтан біз әрқашан да отбасымыздың ұлғаюына қуаныштымыз. Дегенмен біз алдымен тұрғын үй мәселесін шешіп алуды жөн көреміз.Бір жылдан соң жұбайым «Күміс Алқа» марапатын алатын болады, содан соң алдағы уақытты да ойлауға болады.


Біз қиындықтарға шырғаланып қалмауға тырысып, болашаққа дұрыс көзқараспен қарап, әрқашан бір‑бірімізді қолдаймыз. Біздің балаларымыздың дербес болып өсетініне сеніммен қараймыз.



Руслан Мейрамбеков, 44 жаста, туған қаласы — Қарағанды, GermainedeCapuccini (Испания) косметикалық бренд өкілдігінің директоры

Махаббат Мейрамбекова, 43 жаста, туған қаласы — Екібастұз, дәрігер-диетолог


Алты баланың ата‑анасы


Махаббат. Біздің алты баламыз бар. Үлкен ұлымыз 23 жаста, ол Лондондағы оқуын аяқтағалы отыр. Екінші ұлымыз — америкалық университеттің студенті. Қыздарымыз 7 және 9 сыныптарда оқиды, ал ең кішілері – 3 және 1,5 жаста.


махаббат м.jpg


Біз әрқашан көпбалалы болуды армандағанбыз, себебі екеуіміз де көпбалалы отбасынан шыққанбыз, ең жақсысын көріп, өскенбіз: отбасының әрбір мүшесі өмірде өз орнын тапқанына куәміз.


Мен барлығына үлгеру үшін уақытты жоспарлауға тырысамын. Сондай‑ақ маған күтуші көмектеседі. Менің ойымша қазіргі заманда әйел адамға әсіресе, көп балалы болған кезде көмекші адам қажет. Менің өзімді дамытуға уақытым болады, мен көп уақытымды балаларымның жанында өткіземін және күйгелектенбеймін, себебі бақытты ана өз отбасын бақытты ете түседі.


Біздің отбасымыздағы балаларды тәрбиелеудің ерекшелігі олардың жастарының әр түрлілігінде. Ересек ұлдарымыз, жасөспірім қыздарымыз бар, оларға осы жаста ерекше көзқарас қажет. Қыздар құпияларымен бөлісіп, менен кеңес сұрағандары маңызды. Бұл дегеніміз олардың маған деген сенімдерін білдіреді. Ең кішілері анасын қызғанады, өздеріне көңіл бөлгенді қалайды және әр қайсысы назарды өзіне аудартуға тырысады.


маахббат м.jpg


Үлкен ұлымыздың міндеті оқуды жақсы оқу және әр кезде байланыста болу, себебі ол әрқашан бізден алыста. Екінші ұлымыз әзірге қалада, кіші балаларды дамытатын сабақтарға апарады, оларға бас‑көз болады, өзі азық‑түлік сатып алады. Қыздар дастархан жайып, түскі ас әзірлейді.


Кейде балалар бір‑бірімен дауласып қалатын кездер болады, бірақ олар әрқашан бір‑біріне көмектеседі, ал бір‑бірінен жырақта жүргенде сағынады. Бізде төрт бала болған кезде біз теңізге жиі баратын едік, Қазақстанды шарлап өттік. Біз машинамен жүретінбіз, шатырда жұлдызды аспан астында түнеп, гитарамен қосылып ән шырқайтынбыз. Балалардың ойларында көптеген жылдарға осы естеліктер қалды.


Менің тапсырмам – балалардың бос уақытын ұйымдастыру және ол үлкен еңбек.


маахббат м2.jpg


Ересек балаларымыз көптеген музыкалық аспаптарда ойнайды: пианино, гитара, тіпті кларнетте. Балалық шақтарында олар музыкамен айналысудың маңызын түсінбейтін. Бірақ қазір қызығушылықпен музыкамен әуестенеді және әнді жақсы шырқайды. Төртінші қызым көркем гимнастикадан бірінші дәрежеге ие, қазақстандық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, ал қазір заманауи балетпен айналысады. Ал кішкентайларымызбен біз дамытатын ойындар ойнаймыз, сурет саламыз, бақшаны күтіп‑баптаймыз.


Балаларды біз ата‑анамыздың үлгісімен тәрбиелеудеміз, олар тамаша адамдар. Жолдасым екеуміздің оларға деген қарым-қатынасымыз балаларымыздың ересек адамдарды құрметтеулеріне тәлім болады.


Ересек балаларымызға мен талап қойсам, кіші балаларым мені жұмсақтау, бәрін кешіретін анаға айналдырды. Ал балалар үшін әкеміз ең жақсысы. Олар әкелерімен қыдыруды, киноға баруды және атқа отырып серуендеуді ұнатады.


маахббаи мейрамбекова.jpg


Болашақта біз өзіміз ата мен апа болуды жоспарлаймыз. Мен өзіме отбасымыздың қалай өсетінін, ал дастарқанымыздың кеңейе түсетінін елестетемін. Біз жолдасымыз екеуміз дастарқан басында отырып, балаларымыздың бақытына қуанып отыратын боламыз. Олар өз жолдарын табады және біздің отбасымыздың үлгісінде өз шаңырақтарын көтеретін болады.



Сагадат Бралин, 40 жаста, туған қаласы — Қостанай, ұлттық компания жетекшісі

Данна Бралина, 40 жаста, туған қаласы — Алматы, үй шаруасындағы әйел


Төрт баланың ата‑анасы


Дана. 1997 жылы мен тұрмысқа шықтым. Қазір отбасымызда алты адам бар. Біз екі ұл және екі қыз тәрбиелеп отырмыз. Үлкен ұлымыз Канадада білім алып жатыр.


дана бралина 4.jpg


Мен көпбалалы болуды қаладым, себебі оларсыз өмірімді елестете алмадым. Әйел адам тек балаларымен толымды болады деп ойлаймын.


Менде үлгерім жағынан мәселелер жоқ, себебі маған үлкен балаларым көмектеседі және оған кіші бауырларын үйретеді. Мен мансаптан бас тарттым, жолдасым екеуіміз балалардың тәрбиесіне көп көңіл бөлеміз. Біз оларға адамгершілік, ықылас және жақынға деген сүйіспеншілікті дарытуға тырысамыз.


Біздің отбасымызда барлық міндеттер бөлінген. Жолдасым отбасын асырау үшін жұмыс істейді, ал мен үйге жайлы жағдай жасап, балалармен уақыт өткіземін. Отбасындағы барлық шешімдерді екі жақты қабылдаймыз: жолдасым менің ойыма құлақ асады және байыпты шешімдер қабылдайды. Біздің отбасымызда жақсы қарым‑қатынастар орнатылған. Біз жолдасым екеуміз балаларымызға үлгі ретінде бір‑бірімізді сыйлаймыз, себебі олар ата‑анасына қарап үйренеді. Сондықтан балаларымыз бізді сыйлайды және бізді тындайды. Өтпелі жаста үлкен ұлымызбен ешқандай қиындықтар туындамады.


данна бралина.jpg


Біз барлығымыз бірге қала сыртына шығып серуендеуді, Бурабайда демалуды ұнатамыз. Киноға барамыз, ал қыс кезінде шаңғы тебеміз.


Балалар өзара тату. Кішілері үлкендерін тыңдайды. Үшінші ұлымызға қиын болды, себебі ол төрт жаста болғанда кіші қарындасы дүниеге келіп, оған көңіл аз бөлінді, ол қызғанатын.


Біз балаларды сүйіспеншілікте тәрбиелейміз, өз қызығушылықтарымызды зорлап міндеттемеуге тырысамыз. Себебі олардың әрқайсысы дара, өз әуестіктері бар. Мысалы, үлкен ұлымыз айкидомен айналысады, қоңыр белдігі бар, сонымен қатар гитарада ойнайды. Ол нақты ғылымдарды жақсы көреді, сондықтан университетте инженерге оқиды. Екінші қызымыз 12 жаста, шығармашыл, өнермен кәсіби түрде шұғылданады, дизайнер‑архитектор болуды армандайды. Кіші ұлымыз төрт жаста, құрастыруды жақсы көреді, машинаны жөндеп, жарыспен әуестенеді.


Біз барлығына өз күшімізбен қол жеткіздік, әрине, ата‑апаның көмегімен. Біздің болашағымыз қандай болатыны тек бір Құдайға мәлім. Біз балаларымызға адамгершілік қасиеттерді дарыта отырып тәрбиелеудеміз, оларға ешкімді ренжітпей, ұрлық жасамауды, кінәраттамауды және жақынға көмектесуді үйретудеміз.