facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
n-rzhol-zhelekzholynda-y-t-ra-a-k-l-kt-oyudy-b-r-sa-atty-tarif-belg-l-boldy
logo
Нұржол желекжолындағы тұраққа көлікті қоюдың бір сағаттық тарифі белгілі болды

04.01.2018

Нұржол желекжолындағы тұраққа көлікті қоюдың бір сағаттық тарифі белгілі болды

2018 жылдың 15 қаңтарында елордада ақылы көлік тұрағын енгізу бойынша «Астананың көлік тұрағы кеңістігін басқару» жобасы іске қосылады. Жобаның алғашқы кезеңі аясында «Нұржол» желекжолында көлік тұрағы жұмысын бастайды деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы. Машинаны сағат таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін тұрақта қалдырғаны үшін көлік басқарушылар әр сағатқа 100 теңгеден төлейді. Төлем тұрақ сессиясы басталған сәттен бастап, алғашқы отыз минут ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Демалыс және мереке күндерінде тұраққа көлік қою тегін. Тұрақты пайдалану тәртібі, төлем тәсілдері және паркоматтар орналасқан орындар туралы ақпаратты www.2888.kz. сайты арқылы, сондай-ақ 8(7172) 57 64 81 тегін нөміріне хабарласып білуге болады.

Автотұрақтар аумағында төменде көрсетілген көлік құралдарын тегін қоюға болады:

– Тиісті тану белгілері, түрлі түсті графикалық бояулары және жазулары бар жедел қызметтердің (жедел медициналық көмектің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің) көліктері;

– «Алтын қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерімен марапатталған тұлғалардың атына тіркелген көліктер;

– Көлікті өзі басқарып отырған немесе сол көліктің ішінде отырған бала кезінен мүгедектігі бар азаматтардың және І, ІІ топтағы мүгедектердің атына тіркелген арнайы көлік құралдары. Мүгедек балалардың заңды өкілдеріне тіркелген көлік құралдары. Мүгедектердің көлік құралдарына лайықталған орындар тиісті жол белгілерімен немесе таңбаларымен белгіленген.

– Тікелей өзі басқарып отырған немесе сол көліктің құралдарының ішінде отырған Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, белсенді армияның құрамына кіретін әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде қызмет өткен әскери қызметшілерге, сондай-ақ жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлерлеріне тіркелген көлік құралдары;

– Тікелей өзі басқарып отырған немесе сол көліктің құралдарының ішінде отырған «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұдан бұрын «Батыр ана» атағын алған, I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналардың атына тіркелген көлік құралдары;

– Семей ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдардың атына тіркелген;

– Тікелей өзі басқарып отырған немесе осы көлік құралдардың ішінде отырған, әскери қызметтен босатылған немесе әскери дайындықтан өткен, Ауғанстандағы және жауынгерлік әрекеттер орын алған басқа да елдерде интернационалдық борышын өткерген азаматтардың атына тіркелеген көлік құралдары.

Дерек көзі: 24.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.