Енді ақмолалықтар мен Көкше жеріне келген қонақтараймақтағы тарихи-мәдени ескерткіштер жайлыақпаратты ғаламтордан еш қиындықсыз таба алады.
Себебі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындаөңірдегі киелі жерлер мен тарихи нысандардың Googleкартасы жасақталған. Ол арқылы тарихи орынныңмекенжайы мен мәліметін білуге болады. Ал ескерткіштердің өзіне орнатылған КЮ-АР код бойыншасол нысан жайлы қазақ және орыс тілдерінде жеделақпарат беріледі. Әзірге облыстағы 20 ескерткішкеосындай КЮ-АР код орнатылса алдағы уақытта аймақтағы700-ге жуық тарихи-мәдени нысанды аталған жүйеменжабдықтау жоспарланған. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасының аясындағы жоба екі жыл көлемінде іскеасырылады. Ал оған шамамен 2 млн теңгеге жуыққаражат жұмсалады. Айта кетейік, мұндай бастаманыелімізде алғаш болып Павлодар облысынан кейін Көкшеөңірі қолға алып отыр.
Дерек көзі: 24.kz