facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
n-rly-zher-ba-darlamasy-boyynsha-p-ter-al-an-atyrauly-tardy-o-i-alary
logo
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алған атыраулықтардың оқиғалары
Өмір сүру стилі

22.04.2018

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алған атыраулықтардың оқиғалары

Кристина Растопчук, 33 жаста, туған жері — Атырау, жеке кәсіпкер


Бағдарлама туралы



2016 жылдан бастап белсенді түрде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ақша жинай бастадық. Сол жылы отбасымыз үшін тұратын жерді қарастырдық. Ипотека бойынша туындаған барлық мәселелерге кейіннен депозит туралы шарт жасасқан менеджер жауап берді. Оның Алматыға көшіп кеткеніне қарамастан, үнемі хабарласып тұрдық. Ол «Нұрлы жер» бағдарламасыны назар аударуды ұсынды. Сол сәтте құрылысы аяқталуға жақындаған үйлерді қарап, біз қызығушылық таныттық.

Ол кезде конкурстық бағдарлама өтіп, сол үйлердегі пәтерлерге өтінім қабылдау басталды. Біз конкурсқа қатысуға өтінім білдірдік. Қуанышымызға орай конкурстан өттік.

Шот ашып, пәтер алған уақыттан үш жылдай өтті. 2016 жылдың соңында кесте бойынша үй тапсырылуы керек болды. Бірақ құрылыс жасаушы мерзімді 2017 жылдың көктеміне дейін ұзартты. Нәтижесінде пәтерді 2017 жылдың желтоқсан айында алдық.



Пәтер туралы



Үйдің орналасуы тамаша. Тыныш аудан, автокөлік жолдарының дыбысы жоқ — маған ұнайды. Кіреберістен шығып, екі адым жасасаң — жаға, үйдің артында саябақ.

Кіреберістен шығып, екі адым жасасаң жаға, үйдің артында саябақ

Пәтерді өзіміз үшін сатып алдық. Екі баламыз бар. Қызымыз үйге жақын жердегі мектепке барады. Бес минут ішінде сабақта отырады.

Бұл пәтер басынан бастап бізге ұнаған. 2016 жылдың күзінде пәтерлерді енді қарастырып жатқан уақытта, назарымызды осы пәтерге аударып, өтінімді де нақты осыған бердік.

Пәтерге кірген уақытта кейбір кемшіліктерді байқадық. Терезелері орнатылмаған, пәтер ішінде жел тұрды, бірақ құрылыс жасаушы барлық мәселелерді жойды.



Қайрат Заленов, 35 жаста, туған жері — Атырау, жеке фирма жұмыскері


Бағдарлама туралы



Жинақтаушы шотын 2012 жылдан бастап аштым. Сол кезден бес жыл өтіп, қажетті соманы жинадым. Жүйелі түрде салымдар жасап тұрдым, ақша жиналған кезде шешім қабылдау керек екенін түсіндім.

«Нұрлы жер» бағдарламасы өте қолайлы. Бірақ, шынымды айтсам, барлығы салымшының өзіне байланысты.

Егер өзіңе пәтер сатып аламын деп мақсат қойып, оған ұмтылсаң, бәрі жақсы болады


Конкурсты өткенге дейін мені үнемі қабылдамады. Бұл әрбір қатысушының өтінімін бағалап қарайтын ашық жүйе. Құжаттарды үш рет тапсырдым. Шотымдағы сома қатысу шарттарына келіспейтін жағдайлар да болды. Одан кейін тағы екі рет қатысып көрдім, ал соңында мені қабылдады.

Мен танитын басқа қатысушылар пәтер алып жатқан кезде әлі де күтіп отырып, көңілім түсетін. Есебімнен ақшаны алып, кетіп қалғым да келді, бірақ оңай берілмейтінмін, егер қатысушылар келіп және пәтерлерін алып жатса, механизм шынымен де жұмыс істейді, тек күту керек екенін білдім.



Пәтер туралы



Өзімнің жаңа үйімді 2017 жылдың аяғында, жаңа жыл қарсаңында алдым.

Үй «Нұрсая» ауданында орналасқан. Отбасылық өмірге арналған аудан. Балабақшалар мен мектептер жақын орналасқан деп айта алмаймын, жүру керек, бірақ бұл қолайсыздық туғызбайды. Бәрібір барлығы бір ауданда.

Жөндеу жұмыстары стандартты болатын: ақ қабырғалар, есіктер, ламинат, пластикалық терезелер, газ плитасы, қол жуғыш.

Кірген кезде жайлылық үшін шағын жөндеу жұмыстарын жасадық.


Байжан Нурмагамбетов, 47 жаста, туған жері — Атырау, бюджет саласындағы маман


Бағдарлама туралы



Наурыздың аяғында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша пәтер алдым. Жинақтауды екі жыл бұрын бастадым.

Қызыма пәтер сыйлағым келді және оны осылайша алуды жөн көрдім


Маған бұл бағдарламаның шарттары ұнады: мерзімі мен сыйлықақы пайыздары. 5% — керемет сан.

Кемшіліктер туралы айтатын болсақ, құжаттармен біраз жүруге тура келді. Көп уақыт мәліметтерді жинаумен өтті. Жеке өзіме қолтаңбаларды алып, кезекте тұруға жарты жыл керек болды. Қалған уақыттың бәрі ақша аударымдарының дұрыс ұйымдастырылуына кетті.



Пәтер туралы



Мен алған пәтер Баймұханов көшесіндегі жаңа үйде орналасқан. Пәтер жаман емес — алуға болатын орташа деңгей деп айтуға болады. Құрылыс жасаушыдан әрлеу туралы өтінішке қарамастан, біз жөндеу жұмыстарын жасауды шештік, себебі құрылыс жасаушының кафельді салуы ұнамады, қуыстар бар.

Он күн өтті, жөндеу жұмыстарын да аяқтап жатырмыз. Жақын күндері үйімізге кіруді жоспарладық.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.