facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
sheteld-ba-yndyr-an-aza-standy-biznesmender-2-b-l-m
logo
Шетелді бағындырған қазақстандық бизнесмендер. 2 бөлім
Таңғажайып Қазақстан

04.03.2017

Шетелді бағындырған қазақстандық бизнесмендер. 2 бөлім

Шетелде өз кәсібін табысты құра білген Қазақстаннан шыққан кәсіпкерлер жайлы айтуды жалғастырамыз.


САЛТАНАТ МҰХТАРОВА, Тбилиси, Грузия

«Каникулы в Грузии» туристік агенттігінің негізін салушы, туризм нарығында үш жыл


Мен Ломоносов атындағы ММУ, география факультетін бітірдім. Бала күнімнен әлемді аралап, саяхаттауды армандадым, ал арманымды табыс әкелетін сүйікті ісіме айналдыру — тіпті, ертегі.


Грузия кездейсоқ менің тұрғылықты жерім болған жоқ. Мұнда ең алғаш келгенде осында тұру керектігін түсіндім. Грузия мені тұтастай және бірден баурап алды: өз мәдениетімен, салт-дәстүрімен, сәулетімен, жай ғана сиқырлы атмосферасы мен бұл елдің ауасында қалқып тұратын махаббатымен. Осылайша туризммен дәл осы жерде айналысу идеясы келді. Грузия саяхаттауға арналған керемет ел, шағын бола тұрғанмен, жан-жақты, мұнда теңіз де, қарлы шыңдар да, каньондар да, ормандар, тау өзендері, қонақжайлылық, ерекшелік пен тамаша асханасы бар. Екі сағаттың ішінде сіз жаздан қысқа өте аласыз немесе Қара теңіздің магнитті құмдарында рақаттанып, осы жерден-ақ қар басқан таулардың биігіне шыға аласыз. Мұнда «өлі» мезгіл жоқ, Грузияда жыл бойы танымал.


Сондай-ақ, Үкімет жақсы қолдау көрсетеді. Мысалы, либералды көші-қон саясаты, қуіпсіздік. Өз компаниямды тіркеу үшін маған 20 минут және минималды құжаттар қажет болды. Компания белгілі бір сомаға жетпейінше қосымша құн салығынан (ҚҚС) босатылады. Былтыр Грузияға Робби Уильямс, Maroon 5, Кристина Агилера және Эрос Рамазотти сияқты әлемдік жұлдыздарды әкелген көлемді Check in Georgia үкіметтік жобасы өтті. Әлбетте, мұндай жұлдыздардың өнер көрсетуі туристер ағынын туғызды. Грузия туризмге сенеді және бұл міндетті тамаша орындап келеді. Соңғы жылдары Грузия бүкіл әлемге танымал болды, атақты басылымдар Грузияны міндетті түрде баруға тұратын үздіктер қатарына қосып жүр, ал асханасын ең дәмділердің бірі деп есептейді. Жақында танымал Belive туристік порталы Тбилисиді Жаңа жылды тойлайтын әлемнің тамаша қалаларының қатарына қосты.


Мен өзімді бақытты сезінетін қызықты іспен айналысамын! Адамдарға қуаныш сыйлап, оларға аз да болса бақыт сыйлағым келеді. Менің көптеген қонақтарым мұнда бірнеше рет қайтып оралған. Бұл менің махаббатыммен бөлісе алғанымның белгісі. Менің басты кеңесім — қорықпаңыз, тәуекел етіңіз! Ұлы Шыңғысхан айтқандай: «Қорықсаң — істеме, істесең — қорықпа, істемесең — өлесің».




АЙГЕРІМ ТӨЛЕМІСОВА, Мәскеу, Ресей

Мәскеудегі қазақстандық дизайнерлердің алғашқы шоу-румының тең құрылтайшысы, ритейл, нарықта жеті ай


Шоу-румды бұған дейін ритейлде үлкен тәжірибесі бар серіктесім — Абдурахман Шифа екеуміз аштық. Ашылғанға дейін Қазақстанда үш жыл Woodeez қолдан жасалған ағаш көзілдірік брендін таныстырдым. Одан кейін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі қос қолдап қолдаған «Номады» ұлттық жобасын құру идеясы келді. Біз оларға өз жоспарымызды айттық және Елшілік бізге ақпараттық көмек беріп, шоу-румның ашылуына көптеген адамдарды шақырды.


Дереккөз: harpersbazaar.kz


Қазақстаннан тыс жерде бизнес ашпастан бұрын біз Мәскеудегі бүгінде басқа да көптеген қызықты жобаларға толы ритейл нарығын ұзақ зерттедік. Бірақ біз дәл Қазақстанның дизайнерлерін бір жерге жинағандардың алғашқысы болдық және бұл ресейліктер үшін таңсық дүние болды, сондықтан шоу-рум табысқа кенелді. Келешекте бізқазақстандық дизайнерлердің киімдерімен басқа да елдерді бағындыруды жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте Грузия мен Әзірбайжан тұр.

Шоу-румның орналасқан жері, Трехгорная Мануфактура ауданы де сәтті орын болды. Мұнда шығармашылық өмір сүреді және әрдайым бірдеңе өтеді: көрмелер, түсірілімдер, көрсетілімдер. Бұдан бөлек, шоу-румның өзі — воркшоп, шеберлік сыныбы мен коворкинг өткізуге арналған платформа. Мәскеуліктердің өзі бұл ауданды жақсы көреді және мұнда түскі уақыттарын сәнді мейрамханаларда және вернисаждарда өткізеді.

Дереккөз:harpersbazaar.kz


Мұндай іс ашқысы келетіндерге жайлылық аймағынан шығып, қорықпай, тек алға қарау керек деп кеңес береміз.




КОНСТАНТИН АВЕРШИН, Дондағы Ростов, Красноярск, Ресей

Red Dragon тез тамақстану желісі мен мейрамханасының негізін салушы және төрағасы


Біздің жағдайымызда жай факторлар негіз болып табылады — сапа, жылдамдық, қолжетімділік. Алайда бұл факторлар біріккенде ауыр жұмыс туындайды. Жеті жыл бұрын біз бұны қолға алдық және қолымыздан келді деп ойлаймын. Бұл бағытта ресейлік нарықтың жаңалықтары болғанымен өте ерекше. Үлкен қаладағы ресейлік тұтынушы артық ақша мен уақыт шығындамай дәмді тамақтанғысы келеді. Бастысын — қолжетімді бағадағы сапаны сақтай отырып, оған жылдамдықты қосып, өніміміздің ресейлік нарықтағы тартымдылығын бірқалыпты ұстап тұрмыз. Бұл жағынан қаладағы асхананың әртүрлілігін ескерсек, тіпті, алматылық клиент жақсы мағынасында ерке.


Ресейде жүзеге асырылған франшиза сатылымдары бұл — франчайзинг саласындағы алғашқы қадамдар. Бар жағдаймен біз сату кезеңінде сауда белгіміздің ең жоғары талаптарға сай болуы үшін көп күш жұмсасақ та, қазіргі бар нүктелердің қызметіне араласпаймыз.


Бірінші кезектегі міндет франшизаларды сатпай, табысты белгі жасау болды. Бастапқы кезеңде бар күшіміз Алматыдағы желімізді дамытуға кетті. Адамдардың бізді тек танып қана қоймай, жақсы көретіндігіне көз жеткізгенде өзімізді франчайзинг саласында байқап көре бастадық. Қиын болды деу ештеңе айтпағанмен тең. Сол кезде, қазір де табысты франшиза құрудың қазақстандық тәжірибесі аса бай емес. Red Dragon бұл — шетелге сатылған бірінші қазақстандық франшиза. Ол кезде біздің стратегиямыз қарапайым болды. Жақсы өніміміз бар және оны сатқымыз келеді, әрине бұл жерда жарнама керек. Содан кейін өзімізді мамандандырылған көрмеде жарнамалауға кеттік. Red Dragon 2013 жылы Мәскеудегі Buy Brand Expo XI Халықаралық көрмеге қатысты. 2014 жылы Екатеринбургте өткен дайын бизнестің Franchising Expo Ural мамандандырылған көрмесіне қатысып, жаңа нарыққа белсенді түрде шыққаны үшін күміс медаль алдық. 2015 пен 2016 жылдары Қазақстанда сала үздігі деп танылдық.


Болуы мүмкін сәтсіздіктердің алдындағы қорқынышты жеңе білгеніміз біз үшін басты фактор болып саналды. Тәжірибеміз жоқ кезде бізге не көмектескенін де білмеймін. Істі бастағанда кедергілердің қандай көлеміне кезігерімізді білмедік. Бірақ қадам жасадық, ал ары қарай шегінуге болмайды.

Шетелде табысты кәсіп ашқан қазақстандықтардың оқиғасын мына жерден оқыңыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.