facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-syr-at-a-baylanysty-demalys-turaly
logo
Қазақстандағы сырқатқа байланысты демалыс туралы
Өмір сүру стилі

06.03.2017

Қазақстандағы сырқатқа байланысты демалыс туралы

Еліміздің заңына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс беруші өз қаржысы есебінен төлеуге міндетті. Бұл үшін жұмысшы бухгалтерияға ауруханада рәсімделген сырқатнама қағазын әкелуі қажет. Оны жоғалтып алсаңыз, екінші нұсқасын сұратуға болады.




Жәрдемақы қандай жағдайда төленеді?


— сізді емдеген дәрігер сырқатнама қағазын ашқан жағдайда


— жұмыс кезінде мертігу немесе кәсіби ауру салдары болса, өндірістегі қайғылы оқиға туралы акт болған жағдайда жәрдемақы тағайындалады. Егер сіз бірнеше жерде жұмыс істейтін болсаңыз, онда жәрдемақыны әр жұмыс орны тағайындап, төлейді


— жұмысшыны негізгі жұмыс орны бойынша жалақысын сақтай отырып, басқа ұйымға жұмыс істеуге жіберген кезде. Жұмыс беруші жіберген маусымдық жұмыстағы, үйде және еңбек міндеттерін үй жағайында атқаратын жұмысшыларға, дайындық курсының тыңдаушыларына, қайта даярлау және кадрлардың біліктілігін арттыруда жүрген жұмысшыларға осы уақыт аралығында жалақысы сақталған жағдайда жәрдемақы жұмыс орны бойынша төленеді


— жұмысшы протездік-ортопедиялық ұйымның стационарына жатқызылған жағдайда жәрдемақы стационарда болған және стационарға барып қайтатын уақытына, 30 күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа төленеді.




Уақытша еңбекке жарамсыздық уақыты жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сәйкес келсе


— жәрдемақы төленбейді, алайда сырқаттанған күндер еңбек демалысы аяқталған кезге ауыстырылады.




Жәрдемақы мөлшері қалай анықталады?


Бір айға берілетін жәрдемақы мөлшері 15 АЕК аспауы қажет.


Жұмысшының жәрдемақысын есептеу үшін оның орташа күндік табысын сырқатнама қағазында төленуі қажет деп көрсетілген жұмыс күндеріне көбейту керек.


Егер уақытша еңбекке жарамсыздық алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталған болса, онда жәрдемақы есебі мен мөлшерінің айлық шегі әр жылдың айлық есептік көрсеткішін қолдана отырып екі рет есептеледі.




Белгілі бір санатқа жататындарға сырқатнама қағазы бойынша жәрдемақы төлеу.


Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, оларға теңестірілгендерге, еңбекке жарамдылығынан айырылған бірінші күннен бастап жалақының жүз пайыз мөлшері төленеді.


Жұмысшының жұмыс кезінде мертігу немесе кәсіби ауруға байланысты жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық басталғаннан жұмысқа шыққанға немесе мүгедектік белгіленгенге дейін жалақының жүз пайыз мөлшерін төлейді.


Дәрігердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж үш жасқа дейінгі балаларды стационарлық емдеу кезінде анасына, әкесіне немесе оған күтім көрсететін басқа адамға жәрдемақы жұмысшының уақытша еңбекке жарамсыздығы кезіндегі ретпен тағайындалады.


Дереккөз: mzsr.gov.kz и egov.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.