facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
2016-zhyly-astanany-zha-sart-an-10-o-i-a
logo
2016 жылы Астананы жақсартқан 10 оқиға
Өмір сүру стилі

02.02.2017

2016 жылы Астананы жақсартқан 10 оқиға

Осы жылды қорытындылап, Астанада биыл қандай қызықты және пайдалы оқиғалар орын алғанын еске түсірейік.





Қағаз шығаратын зауыт ашылды


Астанада «Ипек Кагыт Централ Азия» Түрік компаниясы Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз шығаратын зауыт ашты.




Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді


Елордада 4 шілде күні сағат 01:00-де Астананың миллионыншы тұрғыны болу бақыты бұйырған қыз бала өмірге келді.




Триатлон Паркі салынды


BI Group компаниясы 2016 жылдың шілдесінде туған қаласының 18 жасына сыйлық жасады. Астана-Триатлон Паркі ашылды. Елорда тұрғындары мен қонақтары мұнда жүгіру, велоспорт, жүзумен айналысып, бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік алды.




Қазақстандық өндірушілердің алғашқы сауда үйі ашылды


Шілдеде Қазақстанда тек қана отандық өнім өндірушілердің өнімі сатылатын «Самғау» сауда үйі ашылды. Бүгінде мұнда 100-ден аса қазақстандық компанияның тауарлары қойылған. Сауда үйінде азық-түліктен бастап, төсек орын жабдықтары, жиһаз бен косметикаға дейін 10 000-нан аса атаулар бар.




Қайырымдылық марафоны болып өтті


2016 жылдың 4 қыркүйегінде Астанада қайырымдылық марафоны болып өтті. 4 қыркүйек күні таңертең 4000-нан аса адам, олардың ішінде спортшыларымыз да бар, марафонды жүгіріп өтті. Марафон «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығынан басталған болатын. Әрбір марафоншы өзіне ыңғайлы қашықтықты, 10, 21.1 және 42.2 километр, таңдап алды. Бұл марафон салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді. Жиналған қаржы көмекке мұқтаж жандарға берілді.




ASTEX Astana Smart City 2016 форумы


2016 жылдың 30 қарашасында Оқушылар сарайында Халықаралық ASTEX Astana Smart City көрме-форумы болып өтті: бақытты өмірге арналған «ақылды қала». Бұл көрме аясында 25-тен аса қазақстандық смарт-жобалар таныстырылған экспо-зоналары ұйымдастырылды. Қатысушылардың бірі «Астана LRT» компаниясы ASTEX Astana Smart City 2016 көрмесінің қонақтары назарына қалада жұмыс істеп тұрған және іске қосылғалы жатқан жобаларды ұсынды. Экспозициялар зонасында қоғамдық көлікте жолақы төлеудің электронды жүйесі ASTRA Plat келушілерге қаланың 30 жерінде қойылып жатқан RTVM автоматтарының мүмкіндіктерін таныстырды. Төлемдер жүйесі орталығы бөлімшесінің мамандары қатысушыларға қоғамдық көлікте жолаушылар қазірден бастап қолдана алатын қандай бонустар бар екенін түсіндірді. 11-ші рет жол жүру және 60 минут ішінде бір бағдардан екіншісіне ауысу тегін жүргізілетіні ерекше қызығушылық тудырды.




«Астана Балет» жаңа театры


Балеттің ашылуы 10-11 желтоқсан күндері болып өтті. Театр шымылдығы «Diversity» және «Любовь к танцу» премьераларымен ашылды.




Орталық саябақтағы ашық бассейн


Осы жазда Орталық саябақта отбасылық жағажай клубы ашылды. Енді астаналықтар жазғы демалысын керемет жерде өткізе алады. Кешен құрамына үш хауыз кіреді. Біріншісі – кішкентайлар үшін, оның тереңдігі – 20 сантиметр. Екіншісінің тереңдігі – 1,5 метр, мұнда суға түскен балаларды ата-аналар бақылап отыруы тиіс. Үшінші хауыз – тек ересектерге арналған, оның тереңдігі – 2,5 метр. Кешеннің жалпы сыйымдылығы – 200 адамға дейін.



Елордадағы тамаша субұрқақ


Жаз өтіп, қыс жетсе де, Астана күніне орай қалалық Мәдениет басқармасының Есіл өзенінде, жағалауға параллель орнатқан күн-субұрқағын жаз кештерінде күнде тамашалаған қала тұрғындары сол керемет көріністерді әлі ұмыта қойған жоқ.




Нарықтың жаһандануы


2016 жыл Астана, жалпы Қазақстан нарығының жаһанданған жылы болды. Биыл біздің нарыққа Starbucks, McDonalds, Uber және Яндекс.Такси сияқты компаниялар енді.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.